Үлкен жүректі ақын-ана
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №16 кітапхана «Парасат жолы» жобасы аясында жергілікті ақынымыз Сәнімкүл Желдербаеваның 90 жылдығына орай «Үлкен жүректі ақын-ана» атты онлайн жыр сағатын ұсынады.
Екі дәуірдің куәсі болған, бар ғұмырын ұстаздыққа арнаған үлкен жүректі ақын-ана, жерлесіміз Сәнімкүл Желдербаева биыл 90 жастың биігіне шықты. Ол 1932 жылы Қызылорда облысының Қармақшы ауданы «Ақжар» елді мекенінде дүниеге келген. 1952 жылы Қызылорда педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін үздік дипломмен бітіріп, білім беру саласында 40 жыл бойы үздіксіз еңбек етті. Соның ішінде М. Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесінде 30 жыл дәріс беріп, «Сырдария», «Ақ босаға», «Жүректегі жауһарлар» деген өлеңдер жинағын, қазір республика деңгейінде белгілі «Ақ босаға» атты әннің мәтінін дүниеге келтірді.
Шара барысында ақынның өмір жолдары мен шығармаларына тоқтала келіп, кітапхана оқырмандары ақынның «Бақытымды жырлаймын», «Диқан әкем», «Ана тілегі», «Әйел - Ана» атты өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
Шараның мақсаты: Оқырмандарға ақын С. Желдербаеваның өнегелі өмірі мен шығармашылығын насихаттау.







