Қыз - өмірдің қызғалдағы

   «Парасат жолы» жобасы аясында қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңына орай «Қыз - өмірдің қызғалдағы» атты көрме-мозйка ұйымдастырып, өскелең ұрпаққа  насихаттады. 
    Аталған  көрме- мозйкадан  «Ақ босаға», «Қыз -өмірдің қызғалдағы», «Инабат», Ф.Оңғарсынова, К.Ахметова, Н.Бердалы және қазақтың жезтаңдай әншілері Р.Бағланова, Б.Төлегенова, сахна майталмандары С.Майқанова, Ф. Шәріпова, Ш.Жиенқұлованың жастарға беретін тәрбиелік мәні зор, өмірі мен өнердегі еңбек жолдары жайлы жазылған тартымды және қызықты оқиғаға толы туындылары таныстырылып, кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, оқырмандарымыз қолөнершілер мен дизайнерлердің қолынан шыққан, сәнге айналған, осы заманға тән табиғи тастардан жасалған Аналарымыздың, қыз-келіншектердің әшекей-бұйымдарымен,сәнді заттарымен танысты. Шара соңында кітапхана оқырмандары, кітапханашы апайларына ізгі-құрметпен «Анаға сый» деген көрінісін көрсетіп, ізгі тілектерін жолдады. 
   Шараның мақсаты: Өскелең ұрпақты  кітап қорындағы әдебиеттер арқылы тіршілікті жалғастырушы Ананы сыйлау, құрметтей білуге тәрбиелеу.

 
06 наурыз 2022 ж. 883

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам