Сарқылмайтын жылулық, ана аты -ұлылық
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапхана 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Сарқылмайтын жылулық, ана аты -ұлылық» атты жыр сағатын онлайн түрінде оқырман назарына ұсынады. Шара барысында кітапхана оқырмандары Р.Темірбекова, П.Уалиева барша оқырмандарға ана туралы өлеңдерін жолдады.
Шараның мақсаты: Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі екенін жете түсіндіру. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді.







