Волшебник слова
Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты №2 балалар кітапханасында балалар ақыны Корней Иванович Чуковскийдің 140 жылдығына орай «Волшебник слова» атты әдеби кеш өтті. Корней Иванович Чуковскийдің әдеби туындылары балалар дүниесіне өте жақын, қызықты және тез ойда сақталатын болып келеді. Кеш барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен таныстырылды. Кітапхананың белсенді оқырманы Логинова Дарья т.б. ақынның «Муха цокотуха», «Телефон», «Федорино горе» атты шығармаларынан үзінді, тағы басқа бірнеше өлеңдері оқылды. Ақынның шығармаларынан сұрақтар қойылып, жас оқырмандар белсенділік таныта білді.
В детской библиотеке №2 при городской библиотечной системе прошел литературный вечер на тему «Волшебник слова» посвященный 140 летию со дня рождения известного детского поэта Корнея Ивановича Чуйковского. Стихи Корнея Ивановича воспитывают драгоценную способность сопереживать, сострадать, сорадоваться. На вечере звучали отрывки из произведений «Муха цокотуха», «Телефон», «Федорино горе» в исполнении Логиновой Дарьи и других читателей библиотеки, так же дети активно отвечали на вопросы по произведениям поэта.







