Кемеңгер қоғам қайраткері

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі   А.С.Пушкин атындағы орталық  кітапхана    «Парасат» жолы жобасы аясында Ахмет Байтұрсынов атындағы  №211 орта мектеп ұжымымен бірлесіп,  халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері,  ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеушісі, дарынды ақын - аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдығына орай  «Кемеңгер қоғам  қайраткері» атты тарихи-танымдық кеш өткізді.   
   Шарада  ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақтың рухани көсемі» атты жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Айжан Болатқызы, ұлттық ой-сананы оятуда жазған төл туындысы «Маса» жинағына енген «Ат пен есек», «Көк есектер», «Өгіз бен бақа» т.б. атты мысал өлеңдеріне,сонымен қатар Алаш зиялыларының қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жасаған ерен еңбектеріне ерекше тоқталып өтті. 
   Шараға Филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры Аман Абасилов және  фи¬ло¬логия ғылымдарының кан¬¬дидаты, профессор Ұлжан Жаң¬быршиева қатысып, осы тақырып аясында өз ой-пікірлерін айтты. Іс-шара барысында, кітапхана оқырмандары  Әмірхан Абдуллиннің «Ақкөл жағасында» атты  Ахмет Байтұрсынұлының  өміріне арналған  шығармасы бойынша  көрініс көрсетіліп, ақынның өлеңдері үш тілде оқылды.  Шара соңында кеш қонақтары  келер ұрпаққа сәттілік тілеп, тәтті өтірікті айтқанша, ащы шындықты айтқан дұрыс екенін, себебі елдің ертеңгі тұтқасы бүгінгі жастар екенін және де “Байтұрсыновшыл” болу- бүгінгі қазақ зиялысы алдында тұрған басты міндет екенін естен шығармағанымыз жөн деп, жылы лебіздерін білдірді.

   
25 наурыз 2022 ж. 342

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам