Тарих тағылымы
Қызылжарма мәдениет Үйі және қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 кітапхананың бірлесіп ұйымдастыруымен 18 сәуір – Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күніне арналған «Тарих тағылымы» атты мәдени іс-шара өткізілді. Тарихи ескерткіштерді қорғауға үлес қосу, тарихымызбен таныса отырып өскелең ұрпағымыздың санасына сіңіру мақсатындағы шара барысында Мәдениет үйі жанынан құрылған үйірмелердің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, кітапхана оқырмандары ақындар өлеңдерін жатқа оқыды. Қонақ ретінде М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің филология бөлімінің 2 курс студенті Кеңесбек Ақбота қатысып өлең оқып, ән арнады. Қатысқан көрермен саны 40.







