Ұлы ерлік – бізге үлгі
№15 Талсуат ауылдық кітапханасында 9 мамыр-Ұлы Жеңіс мерекесіне орай «Ұлы ерлік – бізге үлгі» тарихи сағат ұйымдастырылып, ерлік пен батырлыққа тағзым етілді. Шара барысында Ж.Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім», Қ.Қалтаевтың «Ленинград жерінде», Қ.Бекхожиннің «Жеңістің үндері бар жырларымда», Ә.Нұралиевтің «Тәуекел деп аттандық» өлеңдері жатқа оқылып, патриоттық әндер шырқалды. Кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, аты аңызға айналған Әлия мен Мәншүк, Кеңес Одағының батыры Талғат Бигельдинов, партизан жазушы Қасым Қайсенов, Мәлік Ғабдулин, Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қощқарбаев, Бауыржан Момышұлы т.б. батырлардың ерен ерліктері туралы жан-жақты насихатталды.









