Ұлағатты ұлттық ұғымдар

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасы «Парасат жолы» жобасы аясында «Ұлағатты ұлттық ұғымдар» атты тәрбие тренд шарасын онлайн форматта оқырман назарына ұсынады. 
  Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі-қазақ халқы.  Оның тәрбие –тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Ұлттық тәрбие ісіндегі сәбилік кезден-ес біліп, ер жеткенге дейінгі салт, дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері баланың өсу жолымен беріліп отырады. «Құрсақ той», «Қазанжарыс», «Шілдехана», «Қалжа», «Тымаққа салу», «Бесікке салу», «Тұсаукесер» салттары  халықтың тәрбиелік дәстүрлері. . Ұлттық ұғымдарымыздың бірі қазақ ырымдары. Батырдың, ақынның, шешеннің сарқытын жегізсе, немесе сәбидің аузына түкірсе-олардың жақсы қасиеті мен өнері балаға қонады деген ырым бар. Осындай тәрбиелік маңызы бар ырымдар жастарды жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелейді. Өз ұлтымыздың қадір-қасиетін, ой-өрісін танытатын ұлттық құндылықтарымызға құрметпен қарап, оларды қастерлеу әрбір азаматтың парызы.

18 сәуір 2022 ж. 415

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам