«Ақ боз үй» романы

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №20 кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері  С. Елубайдың  75 жылдық мерейтойы аясында «Ақ боз үй» романынан  кітап талдауы  Ә. Мүсілім атындағы № 101 мектеп лицейінің  оқушылары қатысуымен өткізілді. 
    Жас оқырмандар қазақ халқының  ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарының аяғы мен, отызыншы жылдардың басы кезіндегі  басынан кешкен ауыр аухал, жаппай аштыққа ұшыраған қазақ халқының  жай күйі ,Ұлы отан соғыс және одан кейінгі қазақ халқының өмірі туралы өз түсініктерін ортаға салып, шығарма желісімен кітаптың толық мағынасын оқырманға жеткізді. Шығарма « Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жалған дүние» - үш бөлімі бойынша   романның басты кейіпкері елдің ұйтқысы болып отырған Пахрадин байдың ерке өскен қызы Хансұлу  мен Шеге арқылы қазақтың басына түскен ауыр күнді суреттейді. Хансұлу қазақ әйелінің тамаша шыдамдылығы мен арлы бейнесінің жиынтығы. Сол кезеңдегі елдің ауыр тұрмысын, халықтың басына түскен қиыншылықтарды, жұт болған ауыр жылдар қасіретін жазушы шынайылықпен суреттеген. 
    Сонымен қатар жазушы сценарист ретінде көптеген тарихи кинолардың авторы.  «Алмас қылыш», «Қазақ хандығы», «Алтын тақ»,  «Батыр Баян» т.б. көптеген қазақ жазушыларының шығармаларына арнап жазылған фильмдері  бүгінде көрермендер назарына ұсынылған. Жазушының  мерейтойы аясында «Ақ боз үй» романынан кино түсірілім көрермендермен қауышпақшы. №101 мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Жалғасбаева Қаламқас  өткен тарихыңды білмей алдағы күнге болжау жасай алмайсың деген оймен  шараны қорытындылады. 
    Шараның мақсаты тарихи шығарманы оқи отырып жастарды өзінің өткен тарихын білуге сол арқылы бүгінгі күннің кадірін түсінуге үйрету.

   
18 сәуір 2022 ж. 497

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам