Кітап- ғажайып қазына

   Қалалық  орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасында  2-сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап- ғажайып қазына» атты әдеби кеш  Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп – лицейінің кітапханасында өткізілді. Шараға мектеп ұстаздары мен оқушылары, кітапхананың белсенді оқырмандары  қатысып кітап әлеміне қызықты саяхат жасады. Жас оқырмандар кітап туралы ақын жырларын, ұлылардың кітап туралы дана сөздерін жатқа мәнерлеп оқыды. Түрлі –түсті суреттермен безендірілген өздеріне арналған қызықты кітаптармен  танысып, жылдың мерей той иелерінің шығармаларын оқыды. Сонымен қатар «Алақай жаңа кітаптар» тақырыбындағы кітап көрмесі бойынша  жаңа әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Әдеби кеш тартымды өтіп, жас оқырмандар өздеріне ұнаған кітаптарын оқуға алды.

   
18 сәуір 2022 ж. 403

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам