Есімі ешқашанда ұмытылмақ емес
А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйімен №12 кітапхананың бірлесіп ұйымдастыруымен 18 сәуір-Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күніне орай «Есімі ешқашанда ұмытылмақ емес» атты мәдени іс-шара қазақтың көрнекті ақыны А.Тоқмағамбетов ескерткішінде өткізілді.
Тарихи орындар мен ескерткіштер –халық тағдырының аса маңызды айғағы болар зерде мұрағаты десек, артық айтқандық емес. Сыр бойы ғана емес исі қазақтың мақтанышына айналған дарынды ақын, жазушы, драматург, сатира сарбазы атанған, Сырдың саңлақ ақыны Асқар Тоқмағамбетов қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушылырдың бірі. Жастар театрының орындауындағы ақынға арнау өлеңді оқумен басталған шараны Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н. Әбілдаев кіріспе сөзбен ашты. Шара қонақтары Педагогика ғылымының магистрі, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, «Сыр ескерткіштері» кітабының авторы Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы, ақын атамыздың қызы ардақты ұстаз Тоқмағамбетова Аягөз Асқарқызы сөз сөйлеп, №5 мектеп лицейінің оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Шара ақын ескерткішіне гүл қою рәсімімен аяқталды.







