Мәдени мұраның мәйегі-ескерткіштер
18-сәуір Халықаралық ескерткіштер күніне орай №14 Белкөл кітапханасы мен клубы бірлесіп «Мәдени мұраның мәйегі-ескерткіштер» атты шараны Қобыланды батыр ескерткіші жанында өткізді.
Шараны кент әкімінің міндетін атқарушы Сәду Жасұлан Хабидуллаұлы кіріспе сөзбен ашып, батыр ескерткішіне гүл шоғы қойылды. Жас оқырмандар ақын өлеңдерін жатқа оқып, патриоттық бірнеше әндер шырқалды.
Мақсаты-жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру, сондай-ақ, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.







