Жас сарбаз
№7 Қарауылтөбе ауылдық кітапханасында өскелең жас ұрпақтарды отансүйгіштікке баулып, әскери –патриоттық тәрбиені дамытуда маңызы зор «Жас сарбаз» әдеби-музыкалық кеші өткізілді. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы кең мағлұматтар беріліп, қазақ әскери күштері туралы бейнеролик көрсетілді. Жас оқырмандар патриоттық өлең-жырларды жатқа оқып, әндер шырқап өздерінің отанға деген ыстық сезімдерін білдірді.








