Қазақтың қаһарман қолбасшысы

     Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №20 кітапхана «Қазақтың қаһарман қолбасшысы»    атты онлайн шолуды  оқырман назарына ұсынады. 
     18 ғасырда өмір сүрген қазақтың әйгілі батыры, қолбасшы, жоңғарларға қарсы азаттық соғысының даңқты қаһармандарының бірі, қазақ әскерінің бас сардары Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлы. Дарабоз батыр, жоңғарларға қарсы болған азаттық соғысының даңқты қаһармандарының бірі. 1692жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Барлық тауының етегінде дүниеге келген.   Жиырма бес жасында алғашқы жорығы қазақтар мен жоңғарлар арасында екі жыл қиян – кескі ұрыс жүріп, 1718ж көктемінде жеңіске жетеді. Қабанбай батыр Әбілқайырдың сенімді серіктерінің бірі болып, ержүрек батырлығымен көзге түскен.   Тарихта «Қалмаққырылған» аталған осы соғыста Қабанбай он мың қол басқарып қатысқан. Атақты «Аңырақай» шайқасында қазақ қолының жеңіске жетуіне Қабанбай батырдың үлесі зор болған. Қабанбай батыр тек алып күштің  ғана иесі болмаған, ол мемлекеттік қайраткер, саясатқа да жүйрік, қиыншылық жағдайда соғыс әдістерін қолма – қол ойлап табатын, соғыс тәртібіне қатал, күнделікті тұрмыста мейірімді, қайырымды жан болған.  60 жыл бойы аттан түспеген Қабанбай батыр 1769-1770жылдары қырғыздарға қарсы жорығында қырғыздарды күйретіп, 1770жылы 79 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. 
    Шараның мақсаты: Қазақтың батыры Қабанбай Қожағұлұлы өмірі мен ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттай отырып өткен тарихымызбен таныстыру. 

18 сәуір 2022 ж. 295

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам