Бекзат мүсінді – Баһадүр
С.Майқанова атындағы мәдениет Үйі мен №1 Қалалық кітапхананың бірлесе ұйымдастыруымен «Жалаңтөс Баһадүр» ескерткіші маңында 18 сәуір – Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күніне арналған «Бекзат мүсінді – Баһадүр» атты мәдени шара болып өтті.
Жалаңтөс Баһадүр- кемел келешегіміздің ірге тасын қалаған көреген қолбасшы, Тұран өркениетінің ұлы перзенті. Шараның алғы сөзі Жалаңтөс Баһадүрдің ұрпағы, еңбек ардагері Пұсұрманов Болатбек ағамызға және жазушы, тарих зерттеушісі Ұзақбаев Бегімбай ағамызға берілді.
Шара С.Майқанова атындағы мәдениет Үйі жанынан құрылған «Шаттық» би үйірмесінің «Батырлар» биімен бастау алып, Жалаңтөс Баһадүр бабамыздың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімі жасалды. Сонымен қатар «Шабыт» көркемсөз оқу шеберлерінің өнерпаздары С.Совет, В.Совет, Б.Нұрлыбекова және С.Жұмаділдаев ақын жырларын оқыса, «Дарын» ән үйірмесінің өнерпаздары А.Мұсаева, және Сармырзаев Ержігіт, Ақылбекова Дильназ, Базарбай Батырханнан құралған трио «Жалаңтөс Баһадүр» әнін орындады.







