Ел қорғаны –Ер Жанқожа

  18 сәуір –Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғау күніне орай Қарауылтөбе ауылдық клубы мен №7 кітапхананың ұйымдастыруымен  «Ел қорғаны –Ер Жанқожа»  атты  мерекелік шара өткізілді. Қазақ тарихында кеудесін отқа төсеп , ел басына күн туғанда етігімен су кешкен батырларымыз жетерлік. Осындай қазақ халқының басына төнген қарабұлттың арғы жағынан шыққан алтын күн тәріздес болып, ел қорғап, жұртына деген адалдықпен ғұмыр кешкен батыр бабамыз Жанқожа Нұрмұхаммедұлы.
   Шара  бейбіт күн үшін қасық қаны қалғанша күрескен Жанқожа батыр бабамыздың құрметіне арналып,   жас оқырмандар  ақындардың батырға  арнау  өлеңдерін жатқа оқыды, әндер шырқалды.  Батыр бабамыздың  жорық жолдары мен өнегелі өмірі  кеңінен таныстырылып, оқуға әдебиеттер ұсынылды.

 
19 сәуір 2022 ж. 334

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам