Кітаппен бірге - Мәңгілік елге!
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №7 Қарауылтөбе ауылдық кітапханасы 23 сәуір- Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Кітаппен бірге- Мәңгілік елге!” атты кітаптар мерекесін жас оқырмандар қатысуымен өткізді.
Кітап уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат даналығының кілті екені даусыз. Кітап біздің рухани байлығымыз. Жақсы кітапты алғаш оқығанда жаңа дос тапқандай боласың, осы кітапты қайталап оқу ескі досыңды тағы да кездестіргенмен бірдей. Балалар кітап қорымен, биылғы мерейтой иелеріне арналған, 2022-Балалар жылы аясындағы «Бала- бақыт, бала- өмірдің көктемі “ атты кітап көрмесімен, балалар әдебиетімен, энциклопедия, анықтамалармен, жаңа әдебиеттермен танысты. Кітап жайлы ақын жырларын жатқа оқып, қызықты сұрақтарға жауап берді.







