Мен Ғанимын мәңгілік тірі жүрген...

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана мен Ғ. Мұратбаев атындағы №171 орта мектептің бірлесіп ұйымдастыруымен «Парасат жолы» жобасы аясында Шығыстың жарық жұлдызы атанған, Қазақстан мен Орта Азиядағы Жастар ұйымының жалынды жетекшісі, ұлтымыздың ұлы тұлғасы Ғани Мұратбаевтың 120 жылдық мерейтойына орай «Мен Ғанимын мәңгілік тірі жүрген...» атты тарихи-танымдық кеш өтті.
    Қазақ халқының көгінде құйрықты жұлдыздай жарқырап, шұғылалы із қалдырған, өз елінің патриоты, жиырма үш жыл ғана өмір сүріп, есімі жаһанға танылған халқымыздың біртуар перзенті Ғани Мұратбаевтың өнегелі өмірі мен жарқын істерін, салып кеткен сара жолын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны мектеп директоры Б. С. Ибраев «Алғы сөзбен» ашып беріп, тәлім-тәрбиелік мәні зор шараны ұйымдастырушы кітапхана ұжымына үлкен алғысын білдірді. Тарихшы Б. Насырова жанартаудай лапылдаған қайсар мінезді Ғ. Мұратбаевтың өмір жолына тереңірек тоқталып, мектеп қызметкерлері мен шәкірттерін өздері қызмет жасап, білім алып жатқан Ғани атындағы мектеп атына кір келтірмеуге шақырса, осы мектептің 1988 жылғы түлегі, кітапханашы Г. Залиева келешек ұрпақ үлгі-өнеге тұтар асыл азамат жайлы айтып, оның өмірі мен қызметі жайлы жеке таныстығының нәтижесінде жазған жазушы А. Хангелдиннің «Ғанидың жұлдызы», Н. Өткелбаевтың «Ғани – Алаштың арысы, жастардың көсемі», «Ғани тағылымы», «Мен - Ғанимын» және т.б. кітаптар мен 1921 жылы Ғ. Мұратбаев негізін қалаған бір ғасырлық тарихы бар республикалық қоғамдық-саяси «Жас Алаш» газетін таныстырып, мектеп ұжымына Ғ. Мұратбаевтың 120 жылдығына арналған билбордты сыйға тартты. Мектеп оқушылары Ғ. Еңсепов, Е. Сәрсенбай, Ж. Абдулла, Д. Жағыппар ақындардың жырына арқау болған өр тұлғаға арналған Ж. Мәкеналының «Мен – Ғанимын!», Ж. Әлмаханованың «Ғани – ғасыр елшісі», А. Сейталиеваның «Жалынды жетекші», А. Нұрғалиқызының  «Ғани жұлдыз», Ш. Меңқоразовтың «Қамқоршысы халқының» өлеңдерін мәнерлеп оқып, кеш ажарын ашты.

   
20 сәуір 2022 ж. 451

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам