Өнердің жарық жұлдызы

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана және Қызылорда қаласы бойынша  білім бөлімінің  қосымша білім беру оқу-әдістемелік  орталығымен бірлесіп әнші, композитор Батырхан Шөкеновтің 60 жылдығына орай «Өнердің жарық жұлдызы» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.
    Мақсаты: Батырхан Шөкеновтің жоғары орындаушылық шеберлігі, қайталанбас әртістік тұлғасы, элитарлық мәдениетін өскелең ұрпақтың жадына жаңғырту, музыканттың ән мұраларын, шығармашылығын оқырмандарға насихаттау. 
    Біріншіден Сыр елінің танымал  тұлғасы Батырхан Шөкеновтың өмірі мен шығармашылығы  таныстырылып,  «Музыка  әлемінің музасы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Батырхан Шөкеновке арнау» өлеңін  кітапхана оқырманы А.Жақсылық мәнерлеп оқып, Р.Серік, С.Сұңқар  «Джулия» әнін,   К.Игимбаева  «Отан-Ана» әндерін әуелете орындады. Қазанғап атындағы жоғарғы музыкалық колледж студенті  Б.Қуанышұлы   «Қайран көңіл -ай» әнін саксафонмен орындап,  шара сонында Батырхан Шөкеновтің рухына бағышталып гүл шоқтары  қойылды.

 
20 сәуір 2022 ж. 326

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам