Кітап-жастар әлемі
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында 23 сәуір-Халықаралық кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай «Кітап-жастар әлемі» атты пікірталас өткізілді.
Кітап -досың, сырласың, ақылшың. Кітап оқи отыра өмірлік сабақ та аласың, дана да боласың - деп Мұзафар Әлімбаев жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар – білім көзі, рухани қазына. Бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені – кітап.
Шараға қатысушы кітапхана оқырмандары №144 Сақтапберген Әлжіков атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Нұргүл Палымбетова өз сыныбымен «Жастар кітап оқиды ма, әлде мүлдем оқымай ма?, Қандай кітаптарды оқиды?, Әлде кітап оқитын жастар әлі де бар ма?» деген сұрақтар төңірегінде ой қозғаса, еліміздің болашағы жастарымыз кітап жайлы, қазіргі таңдағы кітаптың ролі жайлы ой-пікірлерін ортаға салды. Шараның мақсаты: Жастарға кітаптың сарқылмас рухани қазына екендігін ұғындыру, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.







