"Бір ел - бір кітап"

   "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы  бойынша биылғы жылы  жалпыхалықтық оқуға  ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист, реформатор, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың  мысал өлеңдері мен көсемсөздері таңдалды.  №13 балалар кітапханасы акция негізінде   №11 Ә.Тыныбаев мектеп-лицейінің  9 сынып оқырмандарының қатысуымен ашық есік күнін өткізді. Шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, оқырмандар қаламгердің өлеңдері мен көсемсөздерін оқыды.
Акцияның мақсаты-Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын оның ішінде мысал өлеңдері мен көсемсөздерін және ұлттық әдебиетті насихаттау. Жастарды адамгершілік-патриоттыққа тәрбиелеу, ана тілін құрметтеуге шақыра отырып, кітапханаға жаңа оқырман тарту.

21 сәуір 2022 ж. 258

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам