Батыр есімі-мәңгілік
9 мамыр Жеңіс күні қарсанында №4 кітапханада Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің 100 жылдық мерейтойына арналып «Батыр есімі-мәңгілік» атты ерлік сағаты №253 мектеп оқушылары қатысуымен өткізілді. Қызыл Әскер қатарына шақырылғанға дейін 1938-1940 жылдар аралығында прокуратура органдарында қызмет атқарып, Сталинград шайқасындағы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған 125 жауынгердің бірі Нұркен Әбдіровтың ерлігі мен батырлығын кітапхана оқырманы А.Жиренов айтып, әскери тақырыпқа жазылған өлеңдер оқылды. «Жеңімпаз жауынгер даңқы» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, оқуға әдебиеттер ұсынылды.








