Ескерткіштер – тарихи тұғыр
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 18 сәуір – Халықаралық тарихи орындар мен ескерткіштер күніне орай «Ескерткіштер – тарихи тұғыр» атты таным кеші Әбу Құдабаев атындағы №197 мектептің 10 сынып оқушылары қатысуымен өткізілді.
Шараға және «Рухани жаңғыру» сериясы бойынша шығарылған «Сыр ескерткіштері» кітабының авторы, Қорқыт Ата Университетінің тарих кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасының тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Ахметбеков Бақытжан Мұқарамұлы қатысып Сыр өңірінің тарихи ескерткіштері жайлы шараға қатысушы жастарға кеңінен әңгімелеп берді.







