Біз оқыдық, сен оқы!

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  №16  кітапханада «Парасат жолы» жобасы аясында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Біз оқыдық, сен оқы!» атты кітап алмасу акциясы өткізілді.
    Шара барысында кітапхана оқырмандарынан алдын ала жиналған кітаптар бойынша кітап көрмесі дайындалды.  Оқырмандар  қалаған кітабын көрмеден алып, орнына өздері әкелген кітаптарымен алмасты. Өзі оқып болған кітапты өзгеге ұсыну арқылы көпшілікке қызмет жасап, кітаптарды жарыққа шығарады. Нәтижесінде олар бұрын-соңды оқымаған кітаптарын сатып алмай-ақ, осы жерден тауып жатты. Келушілер арасында құнды әдебиеттерді кітапханаға сыйлағандар бар. Олардың ішінде «Қазақ ертегілерінің»  томы, «Батырлар жырының» 5 томы, Ғ. Мүсіреповтың 3 томдық шығармалары,   С. Мұқановтың, Ә. Кекілбаевтың, Ш. Айтматовтың және тағы басқа да белгілі жазушыларымыздың шығармалары, орыс тіліндегі әдебиеттер ұсынылды.
    Шараның мақсаты: Оқырмандарға кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
   
21 сәуір 2022 ж. 327

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам