Кітап-тарихи мұра, асыл қазына
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «23-сәуір Халықаралық кітап және авторлық құқықты қорғау күні» аясында «Кітап-тарихи мұра, асыл қазына» атты ашық есік күні өткізілді. Мақсаты: Қоғамның оқу мен кітапқа деген қызығушылығын арттырып, дамыту, оқу мен кітаптың беделін көтеру. Әсіресе жастарды рухани құндылығымыз кітапты сүюге, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.Шараға кітапхана жанына жақын орналасқан оқу орындарының 1 курс студенттері қатысып, кітапхананың бөлімдерімен, кітапхана тарихымен, әр сала бойынша ұйымдастырған кітап көрмелерімен танысып, кітапхана ережелеріне тоқталды. Шара барысында оқырмандар өзіне керекті және қызықты дерек көздермен танысып, кітапхана жайлы толық ақпарат алды.
Шара соңында оқырмандарға кітапхана мекен жайы мен әлеуметтік желідегі сілтемелер жазылған жарнамалық парақшалар таратылды.







