Болашағың бұлыңғыр болмасын

    Егеменді еліміздің жарқын болашағы жолында  жан - жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын жандарына серік еткен, алдарына мақсат қоя білетін дара тұлғаларды тәрбиелеу - басты міндетіміз болып отыр.
   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  №3 кітапханада «Болашағың бұлыңғыр болмасын» атты диспут Текей Қарпықұлы  атындағы колледжі студенттерінің қатысуымен өткізілді.
 Мақсаты: Жастарға денсаулықтың қадірін ұғындырып, салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты бағалай білуді ұғындыру, есірткі мен темекіге, ішімдікке әуес болмауды үйрету, ондай жат әрекеттердің адам ағзасына және олардың болашағына қаншалықты зиянды екендігін  түсіндіру және сақтандыру, оқушының санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру.
    Шара барысында  нашақорлықтың негізгі белгілері, есірткі түрлері, темекінің зияны, маскүнемдіктің алдын алу туралы мол мағлұматтар  беріліп, жастар ой-пікірлерін ортаға салды.  «Болашағың бұлыңғыр болмасын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып әдебиеттер  таныстырылды.

   
21 сәуір 2022 ж. 238

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам