Ана тағдырының жаршысы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхана Қазақстан халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтың 120 жылдығына орай «Ана тағдырының жаршысы» атты қалалық байқауды С.Майханова атындағы мәдениет үйінде өткізді.
Байқаудың мақсаты: оқушыларды қазақтың көрнекті жазушысы Ғ.Мүсіреповтың шығармашылығымен, «Ана» тақырыбында жазған шығармаларымен таныстыру. Әңгімені оқи отырып, мазмұнын еркін жеткізе білуге, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдысын қалыптастыру, түрлі әдістер арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту.
Жазушының «Ана тақырыбындағы» шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға Тасбөгет кентінде орналасқан Әуелбек Тынымбаев атындағы №11 мектеп лицейі, Нәлқожа Ергешбаев атындағы №172 орта мектебінің, №176 орта мектеп, №257 орта мектеп 6-7 сынып оқушылары қатысты.
«Нұрымбет дент» тіс емханасының басшысы, дәрігер Ғани Нұрымбетұлы, байқауға демеушілік жасап, аймағымыздағы мәдениетімен руханиятына қолдау көрсетті.
Байқау екі кезең бойынша өткізіліп, бірінші кезеңде әр топ өз қалауы бойынша жазушының ана тақырыбындағы бір шығармасын әңгімелеп, әсерлі етіп жеткізсе, екінші кезең бойынша жазушының ана тақырыбындағы шығармасынан көрініс сахналады. Байқауға Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гулмира Шамсутдинқызы, С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің директоры Толқын Болатқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті,Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қызметкері, филология ғылымдары магистірі Бақытбек Сұлтанбейбарыс Алматұлы төрелік жасады.
№11 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Мұхтар Әсемай «Ер ана» әңгімесінен, №172 мектептін 6-сынып оқушысы Балпаш Аида «Ана кесімі айнымайды» әңгімесінен, №176 мектептің 7-сынып оқушысы Күнтөре Іңкәр «Әмина» әңгімесінен, №257 мектептің 7-сынып оқушысы Зинулла Қарақат «Ашынған ана» әңгімесінен үзінді оқып, көрермендерді тәнті етті.
«Ананың анасы», «Ананың арашасы», «Ақлима», «Өлімді жеңетін ана» әңгімелерінен сахналық көріністер қойылып, оқушылар өздерінің әртістік қабілеттерін көрсете білді.
Байқауды Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Г.Ш.Рахметова қорытындылап, жеңімпаздарда анықталды. Қазылар алқасының әділ төрелігімен №176 орта мектеп бас жүлдеге, №257 орта мектеп бірінші орынға, №172 орта мектеп екінші орынға, №11 мектеп лицейі үшінші орынға лайықты деп танылды. Шара барысында
Қыпшақова Шаттық «Әжетайым», Ақылбек Дильназ «Жақсы адамдарым» әндерін орындады.
Ұлт болашағы білімді де, бәсекеге қабілетті жас ұрпақтың қолында. Ал, өткенін ұлықтаған, ұлтының мәдени-рухани мұрасын қастерлеген ұрпақ еліміздің жарқын болашағы.-деген тұжырымда байқау мәресіне жетті.







