Кітап тарих, шежіре
23 сәуір- Бүкіл әлемдік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай "Парасат жолы" жобасы аясында "Кітап тарих, шежіре" атты ашық есік күні өткізілді.
Шара барысында кітапханамыздың белсенді, тұрақты оқырманы Ақбергенова Гүлнұр "Менің сүйікті кітабым" тақырыбында өзінің бала кезден бері кітаппен дос екендігін, әр тақырыпта оқыған қызықты кітаптары жайлы оқырмандарға айтып, үзінділер оқып берді.
Шараның мақсаты балаларды әдебиетке жақын болуға, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екендігін көрсету.







