Кітап білім - кілті
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №11 Талдыарал ауылдық кітапханасында 23 сәуір- Халықаралық кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай "Кітап білім - кілті" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында жас оқырмандарға жаңа әдебиеттер, кітап қорындағы қазақ, әлем жазушыларының шығармалары мен топтамалар бойынша қызықты әдебиеттер таныстырылды. Олардың шытырман оқиғалы шетел әдебиеттері мен ертегілерге қызығушылықтары ерекше болды.







