Қазақстан спорт әлемінде

    Спорттың  адам  өмірінде  алатын  орны  зор  екендігі  бәрімізге белгілі.Спортпен  айналысқан  адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады.  Біздің  ата –бабаларымыз  «Тәні саудың-жаны сау» -деп бекер айтпаған  болса керек.  Спорттың  қай  түрімен  айналысу  адамның қабілетіне байланысты болады. Осы орайда  А.С.Пушкин атындағы  орталық  кітапхананың ұйымдастыруымен  «Парасат жолы» жобасы  аясында  кітапхана оқырмандарына «Қазақстан спорт әлемінде» атты  ақпарат сағаты  өткізілді.  Ақпарат  сағатында  «Спорт денсаулық кепілі» атты  көрме оқырмандар  назарына  ұсынылып, көрмеге  Қазақстанның спорт тарихынан сыр шертетін энциклопедиялармен ,спорттың әр түріне арналған кітаптар қойылды. Соның  ішінде  «Әлемдік және ұлттық ойындары», Т.Досмұхаметовтың «Намыс сардары»,  А.Құлназаровтың «Қазақстан спортшылар елі»,  Ж.Ә.Құлбаевтың «Спорты мен атағы асқақтаған Ақмешіт»,  «Спорт-ғұмыр»,  Б.Төтенай.«Дене тәрбиесі», Ұ.Ж.Мұхамеджанованың «Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі» сонымен қатар көрмеге мерзімді басылымдар бетінде жарияланған Қазақстанның спорт саласындағы  хал жағдай  туралы  басылымдар қойылып оқырмандарға  кеңінен  таныстырылды. 

   
22 сәуір 2022 ж. 377

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам