Батырын ұмытпайды ел мәңгілік
Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай №12 кітапхана №5 мектеп-лицейі оқушыларымен бірлесіп «Батырын ұмытпайды ел мәңгілік» атты ақпараттық сағат өткізді. Жас оқырмандарға Ұлы отан соғысындағы жанқиярлық ерлік пен батырлық жайлы көптеген мәліметтер айтылып, әдебиеттерге шолу жасалды. Отан үшін жан қиған, соғыстан оралмаған, ардагерлерімізге құрметтеу мақсатында « Тағзым аланыңда» гүл шоғын қойды.







