Өркениетке кітаппен
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күніне орай «Өркениетке кітаппен» атты әдеби автобус шарасын өткізді. Дәйекті сөздермен, шарлармен, арнайы эмблемемен әсем безендірілген №1 бағыттағы автобус жолаушылары кітап туралы өлең-жырлармен сусындап қана қоймай қосыла жырлады.
Рухани байлығымыздың қайнар бұлағы кітапты ұлықтау мақсатындағы шара қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханалары туралы ақпарат беруден, кітаптар мерекесінің маңыздылығы туралы айтудан басталып, 2022-балалар жылының еркшелігіне тоқталды.
Балаларға бақытты балалық шақ сыйлау- баршамыздың міндетіміз! Бала ерте жастан кітаппен дос болса, болашақта ол көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады. Кітап оқу – миға жасалған жаттығу. Мысалы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы кітапты көп оқуының арқасында бірнеше тілді меңгерді. Ал орыс жазушысы М.Горький болса «Мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін кітапқа борыштармын» деген. Орыстың ұлы ғалымы Михаил Ломоносов та жас шағында оқуға шамасы келмей, әбден есейген кезде оқыған. Сол секілді кітап оқудың еш, кеші жоқ. Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат - міндеттердің ең бастысы - білімді, озық ойлы, сауатты, салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда талап талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы - кітап екенін естен шығармағаныңыз абзал.
«Қазанғап» атындағы музыкалық колледж студенттеріне құралған "Алтын адам" тобы, Досмағанбетова Дариға "Бипыл"әнін орындап жолаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Кітап - кез-келген оқырманның азығы. Тамыры тереңнен басталып, адамзат пайда болғаннан бері кітаптың, маңыздылығы артпаса кеміген жоқ. Өткен тарихын біліп, ақын жазушылардың шығармаларына қанып өскен ұрпақ кітап қндылығын бір сәтке естен шығармақ емес. Көненің көзі саналатын кітаптар аты әлемге әйгілі кітапханаларда осы уақытқа дейін құнды құжат ретінде сақтаулы тұр. Өйткені, ол сол елдің тарихы, мәдениеті, салт дәстүрінің айшықты белгісі. Кітапхананың тұрақты оқырмандары П.Уалиева «Кітап туралы ой», С.Шахат «Кітап біздің досымыз» атты қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа оқыды.
Шара барысында жүргізушілермен викториналық ойын жүргізіліп, қызықты сұрақтар қойылды. Тапқыр да білімді оқырмандар сұрақтарға нақты жауап беріп, түрлі сыйлықтарға ие болды.
Халықтың ең ұлы байлығы, қасиетті қазынасы ана тілі болса, оның қаймағы сөз өнері, оның ішінде – мақал - мәтелдер мен жұмбақтар.Жолаушылар мақал-мәтел айтып, жұмбақтардың шешуін тапты.
Биыл 2022 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері мен қанатты сөздерінің жинағы оқуға ұсынылды. 2022 жылы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілді. Ахмет Байтұрсынов (1872-1937) –Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор.Кітапханамыздың белсенді оқырмандары Ахмет Байтұрсыновтың Д.Кеңесбай Дулат «Анама хат», К.Мәуен «Ат пен есек» С.Жаппасбай «Егіннің бастары», А.Алмасқызы Айзере «Өгіз бен бақа» өлеңдерін жатқа оқыды.
«Әдеби автобус» шарасының негізгі мақсаты: Қазіргі кезеңде Елімізде интернет желісінің өте кең ауқымды таралуы , электрондық ақпараттардың көптігі, қажетті білімді электрондық парақшадан ақ қағазға көшіру жастарымызды кітаптан алшақтатып барады. Адамзат даналығының алтын кілті кітап, әрбір халықтың кемелдікке келгенін, өркениетті қоғамға қадам басқанын көрсететін қасиетті орын-кітапхана екенін түсіндіре отырып, кітап оқуға шақыру, кітаптың құдіреттілігін түсіндіру, жастардың кітапқа деген қызығушылығын ояту. Жолаушылардың белсенділігі шараның қызықты өтуіне септігін тигізді.







