Кітапқа – тағзым, қаламгерге құрмет
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапхана 23 сәуір Халықаралық кітап күніне орай «Кітапқа – тағзым, қаламгерге құрмет» атты әдеби саяхатты жас оқырмандар қатысуымен өткізді.
Мақсаты: Жастарды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани байлығын, сөйлеу мәнерін дамыту. Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Ақыл-ой әлеміне, даналыққа, парасаттылыққа жол сілтеуші кітап деген құпиямен үндес болуға, оны серік етуге үтір, кітапты сүюге, оны қадірлей білуге және кітап оқуға шақыру.
Шара барысында оқырмандар руханияттың, парасат пен білімнің қайнар көзі болып саналатынын кітапхананың қоғамдағы өзіндік орнымен, мұндағы кітапханашы жұмысының қыр-сырымен ой бөлісе отырып, кітапхананың ережесімен, кітапхананың жалпы бөлімдерімен, жаңадан келіп түскен әдебиеттермен, мерзімдік басылымдармен, өткізілетін мәдени көпшілік шаралармен, кітапхананың жұмыс тәртібімен танысты.







