Татулық –достық тірегі
1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Парасат жолы» жобасы аясында , А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада Жүзі басқа - жүрегі бір, тілі басқа тілегі бір Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерінің қатысуымен ,«Татулық –достық тірегі» атты мерекелік кездесу кеші өтті.
Мерекелік кездесу кештің қонақтары:
1. Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесінің директорының орынбасары Халилуллаев Фархад Әбдібағдатұлы,
2. Қызылорда облысы бойынша « Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Жүнісов Сабыржан Қаршыбекұлы ,
3. Қызылорда облыстық «Славяне» қоғамдық -мәдени бірлестігінің белсенді өкілі Павлова Елена,
4.Қызылорда облыстық Шешен этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Пашаева Лейла Алиевна ,
5. Қызылорда облыстық Неміс этномәдени бірлестігінің белсендісі Светлана Крюгер.
Мақсаты: Қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні жайлы ақпарат беру, Қазақстанда тату-тәтті өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрпын, әдебиетін, дәстүр-тарихын, тілін қастерлеп, бүгінгіміз бен келешегімізді жалғайтын жас ұрпаққа ұғындыру, насихаттау.
Шара барысында кеш қонақтары жастарымызға бүгінгі көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығы жайлы өздерінің келелі ой-пікірлерін жеткізді. Сонымен қатар кеш қонағы полиция подполковнигі Жүнісов Сабыржан Қаршыбекұлы,«Осы берекеміз бұзылмағай, Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен. Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуіне сіздер мен біздер болып ат салысайық»-деп жылы лебізін жолдада. Мерекелік шараны ОКЖ-нің директоры Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы қортындылап, келген қонақтарға алғыс айтып, сый-сыйапат көрсетті.







