Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапханада 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай мерекелік күннің мән-мағынасын түсіндіру, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, балаларды кішіпейілділікке, қайырымдылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелейтін, ойлау қабілеттерін шыңдайтын, ой-өрістерін дамытатын балалар әдебиетімен таныстыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру мақсатында «Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың» атты Ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға К. Қаракөзов атындағы №235 мектептің 2 «б» сынып оқушылары және сынып жетекшісі А. Қойшыбаева қатысты. Іс-шара барысында кішкентай оқырмандар алдымен кітапхана қорымен, кітап көрмелерімен, «Коворкинг» орталығымен танысты. Содан соң қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқып, оқу-білім, кітапқа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасы мен қызықты ойын түрінде ертегілер елінен келген құпия сандықшада жасырылған ертегі кейіпкерлерін тауып, жұмбақтар шешті. Әсем ән салып, би билеп, өздерінің өнер-білімге, кітап оқуға деген зор қызығушылықтарын танытып, кітапханаға оқырман болып тіркелді.







