Мұхтар Әуезов – ғасыр перзенті
Қалалық жүйеге қарасты № 1 кітапхананың ұйымдастыруымен «Парасат жолы» жобасы аясында биылғы жылдың мерейтой иесі, қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері, қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР - ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов – ғасыр перзенті» атты әдеби портрет кеші 176 мектептің 9 «Ә» сынып,пен 8 «Ә» сыныптар аралығында өткізілді.
Шараға Қазақстан жазушылар одағының мүшесі эколог ақын Мұхамеджан Нұрханов және ардагер ұстаз, тарихшы Иманов Амантай қатысып, Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы оқырмандарға естеліктер айтты. Қазақтың белгі ақын жазушылары Қалқаман Сарин, Қадыр Мырзалиев, Дихан Әбіловтің т.б. ақын жазушылардың өлеңдерін Ашықбаева Бірханым, Қайрат Адина, Ғалымжанқызы Мәншүк, Балтабай Дильназ, Асылбекқызы Шахнұр, Берікқызы Ақерке, Талғатұлы Бақдаулет жатқа айтса,«Абай жолы» роман эпопеясынан Абай мен әкесі Құнанбайдың диалогінен Нағашыбай Ерасыл мен Нұржан Бірлікжан үзінді көрсетті.
Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Әлем таныған Мұхтар» тақырыбында кітап көрмесіне Наршаева Айман библиографиялық шолу жасады.
Шараның мақсаты: Халқымыздың отансүйгіш, ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің ерекше тұлға екенін көрсету, өмірі және шығармашылығымен таныстыру, оқушылырдың сөйлеу шеберлігі мен мәдениетін жетілдіру, таным көкжиегін кеңейту арқылы, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттыру.







