Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы ана тақырыбы
Балалар жылы және «Парасат жолы» жобасы аясында Ғабит Мүсіреповтың 120 жыл толуына орай №2 балалар кітапханасында №233 метептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы ана тақырыбы» атты әдеби кеш ұйымдастырылып, өтті. Шара барысында Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларындағы қазақ әйелінің жиынтық бейнесіне талдау жасап, жазушының көптеген әңгіме, новеллаларындағы Әйел — Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел — Ана тұлғаларының галереясын байыта түскені туралы айтылды. Шараны Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығына арналған «Көркем сөздің шебері» атты кітап көрмесіне әдеби шолумен қорытындыладық.







