» » Ахмет Байтұрсынұлы – Алаштың рухани көсемі

Ахмет Байтұрсынұлы – Алаштың рухани көсемі

    Елімізде қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясының бастамасымен 2007 жылы ұлы Абайдың «Қара сөздерінен» бастау алған болатын. Сол оқырмандар арасында ерекше сұранысқа ие «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының биылғы жыл таңдауына Алаштың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ел тұрғындарына көрнекті қоғам қайраткерінің шығармашылығын келесі бағыттар бойынша оқуға ұсынылып отыр: А. Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы, А. Байтұрсынұлының әдеби шығармалары. А. Байтұрсынұлының қанатты сөздері. Қазіргі ғылымдағы Ахметтану.
  Алаштың арда азаматының бұл жолғы мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде, әрине, алдымен Қазақ елінде кең ауқыммен тойланбақ. Осы орайда бүгінгі №6 қалалық кітапханада өткен «Ахмет Байтұрсынұлы – Алаштың рухани көсемі» атты әдеби кешіміз сол іс-шаралардың бірі десек те болады. Әдеби кешті Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,  филология ғылымдарының кандидаты, республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналының бас редакторы Н. Көбегенұлы ашып жүргізіп отырды. Шараға филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры А. Абасилов,  филология ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» университетінің доценті С. Тайманова, ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Ақпарат саласының үздігі», сарапшы-журналист, «Болашақ» университетінің аға оқытушысы А. Шалғынбаева қатысып,  ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшыларының бірі болған, өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие, қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы мен шығармашылығы жайлы кеңінен әңгіме өрбітті. 
   К. Қаракөзов атындағы №235 орта мектептің оқушылары мен «Ақмешіт» колледжінің студенттері  ұлт ұстазының өлеңдері мен көсемсөздерін мәнерлеп оқып, жазушы Ә. Абдуллиннің «Ақкөл жағасында» атты шығармасының желісі бойынша сахналық көрініс көрсетті. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арнап жасақталған, кітап көрмесіне кітапханашы К. Аманова библиографиялық шолу жасады.
   Іс-шараны қорытындылаған ОКЖ директоры Г. Шамсутдинқызы бүгінгі кештен алған әдемі әсерімен бөлісіп, қонақтарға зор алғысын білдіріп, ұжым атынан кітап сыйға берді. Белсене қатысқан жас оқырмандарға Алғыс хат тапсырды.

 
28 сәуір 2022 ж. 260

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам