Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар
15 мамыр Халықаралық отбасы күні Бірлескен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясының бастамасымен 1993 жылдан бері аталып өтуде. Мереке аясында қалалық №1 кітапхананың ұйымдастыруымен «Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар» атты байқау №172 мектептің «8А», «8Б» оқырмандары арасында өткізілді. «Тұлпар» және «Жалын» топтары арасындағы сайыс «Жорға», «.Қонақ күте білеміз бе?», «Сөздің көркі –мақал», «Өнерлі өрен», «Поэзия минуттары», «Білгенге маржан...(Сұрақ-жауап ойыны)» тақырыптарындағы алты кезең бойынша өткізіліп, сайысқа мұғалім Г.Шарапатова, мәдениет қызметкерлері С.Қайыңбаева, Д.Тілеуберген төрелік жасады.
Жастарға отбасы құндылығын түсіндіру, халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыруға ықпал ету мақсатындағы парасатты арулар мен ержүрек азаматтар арасындағы сайыс қызықты әрі тартымды өтті. Жастар өздерінің терең білімдері мен қызығушылықтарын көрсете отырып, марапат пен сыйлыққа ие болды.