Татулық-достықтың киелі бесігі

   1-мамыр Қазақстан халықтарының  бірлігі күні мерекесіне орай «Парасат жолы» жобасы аясында А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Татулық-достықтың киелі бесігі» атты достық кітап көрмесі ұйымдастырып, кітапхана оқырмандарына кеңінен насихаттады.
 Шолу барысында кітапханашы Кенжебаева Мақпал  шараға қатысушыларға  көрмеге қойылған  «Қазақстан:бірлік пен әр алуандық жолында», «Қазақстан және әлем елдері» атты кітап-альбомды, О.Жанайдаровтың «Менің елім Қазақстан» балалар энциклопедиясын, « Этнос и религия в Казахстане: история и судьбы» ,«Қазақстан және әлем елдері» атты кітаптарды және де әр ұлт  өкілдерінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық дастархан мәзірін дәріптейтін басылымдар беттерінде жарық көрген мақалаларды таныстырып, насихаттады. 
Шара соңында «Абылайхан» атындағы жоғары колледж оқытушысы  жастарымызға бүгінгі көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығы жайлы өзінің келелі ой-пікірін жеткізді.
    Мақсаты: Қазақстанда тату-тәтті өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрпын, әдебиетін, дәстүр-тарихын, тілін қастерлеп, бүгінгіміз бен келешегімізді жалғайтын жас ұрпаққа  ұғындыру, насихаттау және де өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын да сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

 
29 сәуір 2022 ж. 311

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам