Көк аспанның қыраны
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №16 кітапхана «Парасат жолы» жобасы аясында Авиация генерал майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері – Талғат Бигелдиновтың 100 жылдығына орай «Көк аспанның қыраны» атты онлайн ерлік сағатын оқырмандар назарына ұсынады.
Талғат Бигелдинов – 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысына қарасты Қорғалжың ауданындағы Майбалық деген шағын ауылында дүниеге келген. Ол бала күнінен ұшқыш болуды армандайды. Соғыс кезінде жауынгерлік тапсырмамен өліммен бетпе-бет келіп, әлемдік авиация тарихында бұрын-соңды кездеспеген ерлік көрсетеді. Шара барысында қыран қазақтың Ұлы Отан согысы жылдарындағы көзсіз ерліктері, батырлығы, соғыстан кейінгі кезеңде де ел үшін жасаған өлшеусіз еңбектері, өнегелі өмірі баяндалады.
Шараның мақсаты: Жас ұрпаққа Т. Бигелдиновтың ерлігін, батырлығын үлгі тұту, отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.







