Туған жерге Туын тіккендер
Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 77 жыл. Миллиондаған адамның өмірімен қолымызға тиген Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерейтойы әрқайсысымыз үшін қымбат. Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата-бабамыздың ерліктерін қадірлейтін, бейбіт өмірді бағалайтын – Біздер, Қазақ елі.
Осы орайда, «Туған жерге Туын тіккендер» жобасы аясында А.С.Пушкин атындағы қалалық орталық кітапхана ҰОС-на қатысқан ардагеріміз, екі «Қызыл жұлдыз » иегері, елдің белді азаматы , партия мүшесі Сражадинов Махамбетжан атамыздың өмір жолына арналған «Ерліктің бағасы өлшеусіз» атты Ерлік сабағын желі пайдаланушылар назарына ұсынды.
ҰОС-ның ардагері Сражадинов Махамбетжан 1923 жылы 3 каңтарда Кызылорда облысы Сырдария ауданы Амангелді ауылында дуниеге келген. 1941-1945 жылдары сұрапыл соғысқа қатысып, елге аман есен оралған. Ардагер атамыз өзінің балаларына айтқан естеліктерінде, сұрапыл соғыстағы 4 күн жау қоршауында қалғандағы жан алысып , жан беріскен ұрыс күндерін есінен шығарған емес. Махамбетжан атамыз қатысқан Курск доғасындағы нағыз қанды шайқастта болған, ол сонда көптеген жолдастарынан айырылған. Екі «Қызыл жұлдыз » иегері, Партия мүшесі. 1947 жылы отбасын құрып, жұбайы Сражадинова Шарапат Хусайнкызымен екеуі өмірге 10 бала әкелген. Әжеміз де «Тыл ардагері», «Батыр Ана», ҚР Президентінің жарлығымен «Алтын алка» алқасымен және де Тылдағы «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен күн демей, түн демей, демалыссыз жасаған еңбегі үшін көптеген орден, медальдармен марапатталған. 2000 жылдың 13 ақпанында 77- жасында ҰОС-ның ардагері, батыр атамыз Сражадинов Махамбетжан дүниеден озады. Артында ұрпағын жалғастыратын 23 немересі, 38 шөбересі қалды. Ұрпағының бейбіт өмірі мен еркіндігі үшін күрескен ардагерлеріміздің ерлігін біз үнемі мақтан тұтамыз.
Мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аталар ерлігін үлгі ету, Ұлы Отан Соғысында қаза болған бабалар рухына тағзым етуге, есімдерін ұмытпауға, қастерлеуге тәрбиелеу.







