Әйгілі есім жазулы тұр әр үйде
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 20 кітапхана 9 мамыр Ұлы жеңіс жетпіс жеті жылдығына орай «Әйгілі есім жазулы тұр әр үйде» атты ерлік сағатын оқырман назарына ұсынады.
1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысы. Алапат соғыстың оттың жалынына оранған КСРО – ның ұлы айқаста өзге ұлт өкілдерімен қатар қазақ сарбаздары мен сардарларының да ерекше көзге түскені жұртшылыққа мәшһүр. Олар сол кездегі ортақ Отанымыздың астанасы Мәскеу мен Сталинградты жаудан қорғап, Берлинге дейін барды, Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып ту тіккен. Екінші дүние жүзілік соғыста Сыр елінің халқы мыңдаған боздақтарын жоғалтты. Сол жылдардың жанға салған жарасы әлі күнге дейін жазылған жоқ. Ұлы жеңістің батырлары мен ортамызда жүрген ардагерлеріміздің өнегелі өмірі мен тылдағы жанкешті ерлігіне арналған кітаптар қай уақытта да болашақ ұрпаққа өткен тарихты тануға жасалаған теңдесі жоқ байлық.







