Ерлігі ұрпаққа ұран
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №8 кітапханада «Парасат жолы» жобасы аясында 9 мамыр— Жеңіс күні мерекесіне орай Кеңес Одағының батыры Ж. Маханбетовтің 110 жылдығына «Ерлігі ұрпаққа ұран» атты таным сағаты өткізілді. Шара барысында жас оқырмандар қазақ ақындарының батырға арнау өлеңдерін жатқа оқып, патриоттық әндер шырқалды. Батыр бабаның ерлік жолдарымен өнегелі өмір жолдары таныстырылып, әдебиеттер насихатталды.








