Жеңіске жеткен ұлы күн
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай Ұлы «Жеңіске жеткен ұлы күн» атты тарихи- танымдық сағат №197 мектептің 10 «А» сынып оқушыларының қатысуымен дәстүрлі түрде өткізілді. Шара барысында Ұлы Отан соғысы туралы тарихи мәліметтер таныстырылып, жас оқырмандар шараға белсенді қатысты. Хамит Нұрсұлтан Қайрат Жұмағалиевтің «Намысынан халқының жаратылған» атты өлеңін жатқа айтып, әдебиеттер кеңінен таныстырылды.
Мақсаты: Жастарды Отанын, туған жерін сүюге баулу, адалдыққа, адамгершілікке, батырлыққа тәрбиелеу.1941-1945 жылдардағы соғыс туралы түсіндіріп, бейбітшілікті сақтап, нығайтуға тәрбиелеу.







