Ұранды елдің ұрпағы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №2 балалар кітапханасында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Ұранды елдің ұрпағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды. Жас оқырмандарға еліміздің қорғаныс қабілетін танытатын әдебиеттермен қатар, елімізді сыртқы жаудан қорғаған қайсар мінезді батыр бабаларымыз жайлы, ерлікпен қаһармандықтың ерен үлгісін көрсеткен ержүрек бабаларымыз туралы қызықты кітаптар таныстырылып, оқуға ұсынылды.







