Батыр есімі мәңгі ұмытылмайды

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары  колледждің  90 жылдығына  орай колледж студенттерімен  «Батыр есімі мәңгі ұмытылмайды» атты танымдық сағат өткізді. Танымдық сағатта батырдың өмірбаяны таныстырылып,  қазақ ақындарының арнау өлеңдерін жас оқырмандар жатқа  оқып,  Утепберген Алпамыс батырға жыр жолдарын арнады.  
   Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі - Мәнсия) - 1922 жылы Орал облысы Орда ауданында туып, 1943 жылы қазанның 16-ы күні майданда қаза тапты. Қаһарман қазақ қызы - Кеңес Одағының Батыры (1944). Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен Мәнсияның тілі келмей озін Мәншүк деп кеткен. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә.Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медициналық институтында оқып жүрген. 1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты. М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі – білім беру мекемесі. 1932 жылы ашылып, Қызылорда қазақ педагогикалық техникумы аталды, 1952 жылы осы техникум негізінде Қызылорда қазақ қыздар педагогикалық училищесі ұйымдастырылды. Бастауыш класс мұғалімдерін, мектепке дейінгі тәрбие, музыкалық тәрбие мамандарын даярлады. 1992 жылдан М.Мәметова атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі, 1999 жылдан М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі – қазыналық кәсіпорын. Оқу орны жаңа заманға сай 12 жаңа мамандық бойынша мамандар даярлайды.

05 мамыр 2022 ж. 436

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам