Оқитын отбасы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапханада «Парасат жолы» жобасы аясында 15 мамыр- Халықаралық отбасы күніне орай, «Оқитын отбасы» атты оқырман бенефисі өткізілді.
Мақсаты: Ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу, кітапты сүйе білуге қадірлеуге баулу.
Шара кітапхананың белсенді оқырманы №173 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Фазылова Жаңагүлдің отбасымен қатысуымен өткізілді. Отбасы мүшелері кітапхананың тұрақты оқырмандары және кітапханада өтетін түрлі іс-шараларға белсене атсалысады.
Үздік оқырман Фазылова Жанагүл өзінің еңбек жолын, осы кітапханаға тіркелгеннен бастап осы кезге дейін оқыған кітаптарын, ең сүйікті шығармалары, кітапқа деген көзқарасы туралы кеңінен әңгімелеп берді.
Ол оқырман қауымға кітаптың адамды көркем ойлауға үйрететіні, сөздік қорын молайтатыны, адам ойының ұшқыр болуы үшін де септігі көптігін, ойымыз бен сезімімізді қалыптастыруға көмекші, ол өзінің мазмұнымен нәр татқызып, рухани қолдау беретін дүние екендігін түсіндірді.
Кітапхана оқырмандары үздік отбасының оқыған кітаптарынан жасалған «Тәрбие тамыры кітапта» атты кітап көрмесімен танысып, оқырман формулярына талдау жасалды.
Фазылова Жаңагүл сонымен бірге белсенді өмірлік ұстанымдарымен, көңілді мінезімен адам жүрегіне жол тартатын жан. Ол өзі білім беретін оқушыларына қазақи болмысымызбен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, әдеби құндылықтарымызбен тамырлы тарихымызды насихаттауда талмай жұмыс жасауда. Кешке қатысушылар Фазылова Жаңагүл туралы өте жақсы пікірлермен бөлісіп, шараның қызықты өтуіне белсенділік танытты. Кітапхааның белсенді оқырманы ұстаз Фазылова Жаңагүлге шара соңында сыр бойы ақын-жазушыларының шығармаларынан құрастырылған «Жүректегі жауһарлар» кітабы сыйға тартылды.







