Шайырдан қалған асыл сөз
Қалалық жүйеге қарасты №1 кітапхана «Парасат жолы» жобасы аясында» ақын Нұртуған Кенжеғұлұлының 135 жылдығына орай «Шайырдан қалған асыл сөз» атты онлайн форматтағы жыр кешін оқырман назарына ұсынады.
Cыр бойы жыраулары адам тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп жастарды өзін – өзі танып білуге, жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа ұмтылдыруға, мейрімділікке, сүйіспеншілікке баулып келген. Жастардың жан дүниесін байытып, ақыл - сезімін жетілдіруді басты мақсат тұтқан.
Сәбира Майқанова атындағы мәдениет Үйінің «Ғибрат» жыр - терме үйірмесінің жетекшісі М.Маханбетжанов Нұртуған Кенжеғұлұлының «Кәнекей, тілім сөйлеші» жырын жатқа айтып, «Сырдың даңғайыр ақыны» атты кітап көрмесі жасалды.
Нұртуған Кенжеғұлұлы - қазақтың бұрынғы өткен атақты ақын- жырауларынан үйрене отырып, жаңаша жыр жазуға талпынып, ұлттық поэзиямызда өзіндік үнін қалдырып кеткен, мақтан тұтуға лайықты ақын. Ол Ұлы Абайды өмір бойы пір тұтып, оған бірнеше өлең арнаған. Нұртуған ақын ұлы Абайдан кейінгі XX ғасырдың алғашқы жылдарында қазақ даласында, оның әдебиеттерінде жарқ етіп көрінген ірі тұлғалардың бірі.







