Отбасы бақыт мекені

   15 мамыр - Халықаралық   отбасы   күні.  Атаулы күн  1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның  назарын  отбасына  аудару  қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті. Ата-бабаларымыздан мирас болып қалған көптеген отбасылық әдет-ғұрып, салт, өзіндік дәстүрлер бар. Тал бесіктен тәрбие  дұрыс берілсе,өскелең  ұрпақ аталған салт пен сананы, дәстүр мен ғұрыпты өз жолынан жаңылыстырмай, темірқазықтай  ұстанары  хақ. Ал бүгінгі жаңашыл заманауи кезеңде аталмыш дүниелерді насихаттау кез-келген отбасының алдында тұрған парыз бен қарыз деп білу керек. Отбасы құндылықтарын насихаттаудың қазіргі кезде маңызы өте зор. 
   Осы орайда, кітапханаға үнемі  жанұясымен келіп, кітап оқитын  А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхананың белсенді отбасылық оқырмандары  Әбдіғаниев Серік өзінің балалары Бегділдә Аружан, Бегділдә Динара, Бегділдә  Інжу мен  және  Жағыппаровтар отбасы ұлдары Әлихан,Әділет,Әлімхан мен  «Тәрбие және білім» жобасы аясында «Отбасы бақыт мекені» атты  отбасылық  эссе жазды.  Бұл жанұялар көпке үлгі, құрметке де лайық. Себебі, ата-аналары кітап арқылы баланы тәрбиелейді, кітап оқуға баулиды. Әрбір ана-ананың негізгі міндеті-баланы әдеби шығармаларға қызықтыру. 
Кітап оқу- баланы көркем ойлауға  үйретеді, сөздік қорын молайтады, ойының ұшқыр болуы үшін де септігін тигізеді. Отбасылық эссе жазу барысында кітапхана оқырманы  Әбдіғаниев Серік «Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылар Мұзафар Әлімбаев,  Бердібек Соқпақбаев, Қаржаубай Омаров сынды қаламгерлеріміздің кітаптары, баласы бар әрбір үйден табылуы керек» деп өз ойын айтты.Отбасылық эссе өте мазмұнды жазылды.                                                                                                 
   Мақсаты: Отбасылық  құндылықтарды насихаттау.Отбасымен қызықты кітап оқып, отбасылық бірлікті күшейту, ата-баба тарихынан бізге жеткен отбасы тәрбиесінің мол мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану, кітапханаға окырман тарту.

 
13 мамыр 2022 ж. 370

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам